Түркістандық полицейлер жоғалып кеткен отбасын тапты. Отырарлық тұрғын жұбайы мен төрт баласының жеті күн бұрын үйден шығып, қайта оралмағанын айтқан. Полицейлер ауданның кіреберісі мен шығаберіс бағыттарына бақылау бекеттерін қойып, автокөліктерді тексерген.

Көршілес өңірлерге арнайы бағдарлар жолданып, іздестіру шаралары күшейтілді. Нәтижесінде іздеуде жүрген әйел төрт баласымен бірге такси көлігінен табылды. Тексеру барысында әйелдің жұбайымен араздасып, Шымкент қаласына кеткені анықталды. Ол қалада пәтер жалдап тұрған. Отбасы мүшелері өзара татуласып, үйлеріне аман-есен оралды.