Түркістан облысында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың сәулеттік шешімдері қаралды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен сәулеттік жобалар жөніндегі кеңесте бірқатар маңызды нысандардың тұжырымдамасы талқыланды.

Жиында инвесторлар жоспарларын таныстырып, жобалардың өңір экономикасына, туризм саласына және жаңа жұмыс орындарын ашуға қосатын үлесі туралы баяндады. Кеңес барысында нысандардың қала құрылысы талаптарына сәйкестігі, инженерлік инфрақұрылыммен қамтылуы, қоршаған ортамен үйлесімділігі және заманауи сәулет стандарттарына сай болуы қаралды. Облыс әкімі әрбір жобаның сапалы әрі талапқа сай жүзеге асырылуы маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар жаңа нысандар Түркістанның тарихи-мәдени ерекшелігін сақтап, қаланың заманауи келбетін қалыптастыруға бағытталуы тиіс екенін жеткізді. Жиын соңында жауапты басқармаларға жобаларды пысықтау және нақты ұсыныстар әзірлеу бойынша тапсырмалар берілді.