Отбасы үлгісіндегі балалар үйінде 73 жеткіншек тәлім алады. Бұл шәкірттердің киімі көк, қарыны да тоқ. Жетіспейтіні - ананың аялы алақаны мен әкенің мейірбан көңілі. Осы олқылықты толтыру үшін мейірімді жандар балаларды өз отбасына алуды қолға алуда. Солардың бірі - Мұхтар Диханбаев. Өмірлік қосағы Қарлығаш екеуінің 4 перзенті, 12 немересі бар. Соған қоса, осы балалар үйінен 5 ұл-қызды тәрбиесіне алып отыр.

Отбасы ықыласын көрген баланың көңілі сергек, ісі ширақ. Ақыры ата-аналы болған  баланың өлеңі де көңілді.

Өңір басшысы бар шаруасын жиып қойып, балалардың шығармашылық кешін аяғына дейін тамашалады. «Елбасының жіберген сыйлығы»  деп, тәрбиеленушілерге тарту-таралғы жасады.  

Су жаңа велосипед, теледидар, спорттық құрал-жабдықтар. Бұған бала қуанышында шек болмады. Бәрінен бұрын, биліктегі басшылардың арнайы көңіл бөлгеніне дән риза. Иә, барлық бала бақытқа лайық!

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі