Бұл мекеменің қаладағы қажеттілігі тым жоғары. Өйткені, Шымкенттегі тірек-қозғалысы бұзылған балалар мен психикалық дамуы шектеулі бүлдіршіндерге арналған орталықтардың қазіргі жайы сын көтермейді. Өткен ғасырдың ортасында саманнан салынған. Көбі - ыңғайластырылған жағдайда. Енді кәсіпкер есебінен салынатын жаңа балабақша сол мекемелердің меншігіне беріледі.     

Жансейіт Түймебаев – Облысәкімі

Осы жерге орналасатын екі орталықта әбден ескірген еді. Біреуі 1956 жылы салынса біреуі одан бұрын бой тіктеген. Ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. Енді міне жаңа ғимарат салынып жатыр. Бұл кәсіпкердің ісі өзгелерге үлгі болады деп сенемін.

Жалпы аумағы 2 мың шаршы метрге жуық нысанды салу ісі негізінде бір жылға жоспарланған.  Бірақ орталықтардың жағдайымен таныс кәсіпкер істі жыл соңына дейін бітіруді жоспарлапты. Егер мақсат орындалса, балаларға медициналық көмек көрсетіп, тәрбие беретін орталықтар жаңа жылды жаңа орында қарсы алады.

Ғимарат заман талабына са й. Жүруі қиын, ой өрісінде тежеу барлар екі бөлек тәлім алады.   Қос бөлім де қажет жабдықтармен қамтылады.

МАҚСҰТ Жарылқасын