Аудан әкімінің орынбасары Имангелді Түймебаев балғындар еңбегін жоғары бағалап, істеріне сәттілік тіледі. Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған оқушылар Отансүйгіштік ниетін қағаз бетіне түсіріп, түрлі суреттерімен көпшілікті тәнті етті. Осыдан соң аудан басшылары қазақ күресінен өткен облыс біріншілігіне қатысып, спортшы жастармен тілдесті. Айта кетейік, Бәйдібектің жігерлі жастары 3 жылдан бері ұлттық спорт түрінен үздіктер қатарынан көрінуде. Бағландардың бұл жетістігін аға буын жоғары бағалады. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары белсенді және өнерлі жастардың ұйымдастырған концертіне қатысты. Халықаралық балалар құқығын қорғау күніне орай жалынды жастар түрлі қойылымдар қойып, ән айтып, сахнада қалықтады. Елбасының болашаққа бағдар жасаған мақаласындағы мәңгілік ел жастарын бабалар рухымен тәрбиелеу мәселесін сөз етті. Осы күні аудандық жастар орталығының мамандары іс-шараға қатысқан барлық балаларға балмұздақ үлестірді.
САТТАР Есімбеков